Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар
кітапханалар жүйесі туралы мәлімет
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласы әкімдігінің 20 мамыр 2009 жылғы №711 қаулысымен құрылды.
Кітапхана құрылған күннен бастап өзінің оқырмандарына қызмет көрсете бастады. Балалар кітапханасы жас оқырмандар үшін білім беретін, бос уақыттын тиімді пайдаланылатын ақпараттық орталық болып табылады.
Кітапхананың пайдаланушылары: мектеп жасына дейінгі балалар, 1-9 сынып оқушылар және балалар оқуының жетекшілері.
Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне Орталық балалар кітапханасы мен 14 кітапхана бөлімшелері кіреді. Балалар кітапханалары қала аумағында орналасқан қала мектептерімен, балабақшалар және №1, №2 Есту қабілеті бұзылған мектеп – интернаттарымен, «САЗ» колледжімен тығыз байланыста бірлесе жұмыс жасайды.

























