Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мангелдин көшесі, 39
8(7252) 33-84-46
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне  қарасты №3 кітапхана бөлімшесінде №18 мектептің 9 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Ғасыр індетінен сақтанайық!» атты шок-сабақ өткізілді.
 Іс-шара барысында оқушылар зиянды әдеттердің адам өмірі мен болашағына тигізер зардабы туралы ақпарат алып, «Қара жәшік» әдісіне қатысты. Жәшік ішінен кітап, диплом, отбасы, жүрек және шынжыр бейнелері алынып, оқушылар әр суреттің адам өміріндегі мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салды. Бұл әдіс арқылы білім, отбасы, арман мен денсаулықтың құндылығы, ал зиянды әдеттердің адамды тәуелділікке әкелетіні түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Нашақорлықтан сақтанайық» бейнеролигі көрсетіліп, оқушылар жүрек пішінді қағаздарға өз армандары мен өмірге деген мақсаттарын жазды.
 Зиянды әдеттен аулақ болайық! Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі!