ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының таныстырылымы
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы – қоғамдағы әділеттілік, адалдық, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін тағылымды еңбек.
Мақсаты- оқырмандарға кітаптың мазмұнын таныстыру, әділеттілік пен адалдық қағидаттарын насихаттау, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамның дамуына әр адамның өзіндік үлесі бар екенін түсіндіру.
Кітапта ел дамуы, қоғамның өзекті мәселелері, азаматтық жауапкершілік пен шынайы сөздің маңызы кеңінен сөз болады. Автор оқырманды әділдікке, адалдыққа, елге қызмет етуге және әр іске жауапкершілікпен қарауға үндейді.
Бұл кітап – қоғамның болашағына бейжай қарамайтын әрбір оқырманға ой салатын, азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететін құнды еңбек. Кітапты оқи отырып, әділетті қоғам құру әр адамның өзінен басталатынын түсінуге болады.