Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Салт-дәстүріңді білесің бе?» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Шара барысында қатысушылар «Салтты тап?», «Білгенге маржан», «Мақал – сөздің мәйегі», «Ойлан тап» сынды қызықты ойындарға қатысып, қазақтың салт-дәстүрлері бойынша білімдерін ортаға салды.
Сүйінші мен бата дәстүрлеріне арналған сахналық көрініс қойылып, әсем ән мен күй де шараның мазмұнын толықтыра түсті.
Шараға арнайы қатысқан Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының маманы Кәдірбек Ләззат Ретбекқызы ұлттық құндылықтардың маңызы туралы ой бөлісті.
Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат, елге мұра!
Дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды бірге жаңғыртайық!