Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мангелдин көшесі, 39
8(7252) 33-84-46
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

  Кітапхана құрылымы

1.Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Оқырмандарды тіркеу орны

Негізгі міндеттері:

- Оқырмандарды тіркеу, жаңадан келген  оқырмандарды қабылдау

- Кеңес беру және бағыттау

- Кітапхана ережелерімен таныстыру

- Қай бөлімге, қандай кітапқа жүгіну керегін көрсету

- Оқырмандардың кітапхана тәртібі пен мәдениеттін сақтауына ықпал ету

- Тыныштық пен тәртіптің сақталуын қадағалау 

  1-4 сынып  оқырмандарына  арналған  абонемент

Бөлім 1-4 сынып оқырмандарына арналған абонемент және оқу залынан тұрады. Жастайынан балаларды қазақтың ертегі-аңыздарын, батырлар жырын тыңдауға, оқуға баулу, бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасалынған . Жыл бойында балалармен тұрақты түрде түрлі тақырыптарда және жылдың өзекті даталарына арналған  көпшілік  іс-шаралар өтеді.

Абонементтен кітаптар 14 күнге  дейінгі мерзімге үйге беріледі.

5-9 сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімі

Кітапханадағы 5–9 сынып оқырмандарына қызмет көрсету бөлімі – жасөспірімдердің оқу мәдениетін қалыптастырып, кітапқа қызығушылығын арттыруға бағытталған негізгі бөлімдердің бірі. Оның басты міндеттері мыналар:

Негізгі міндеттері

  • Оқырмандарға кітап беру және қабылдау. 5–9 сынып оқушыларына көркем әдебиет, танымдық, ғылыми-көпшілік және оқу бағдарламасына сай кітаптарды ұсыну.
  • Оқу мәдениетін қалыптастыру. Кітапты дұрыс таңдау, оқу әдебі, кітаппен жұмыс істеу дағдыларын үйрету.
  • Оқушылардың сұранысына сай ақпарат табуға көмектесу, анықтамалықтармен, энциклопедиялармен жұмыс істеуді үйрету.
  • Кітап көрмелері, әдеби кештер, кітапханалық сабақтар, викториналар, байқаулар ұйымдастыру.
  • Рухани-адамгершілік, отансүйгіштік, эстетикалық тәрбиеге бағытталған іс-шаралар өткізу.
  • Мектеппен және ұстаздармен байланыс орнату .Оқу бағдарламасына сәйкес кітап қорын пайдалану, бірлескен жобалар ұйымдастыру.
  • Оқу клубтары, шығармашылық үйірмелер арқылы пайдалы әрі қызықты орта қалыптастыру.

Кітаптар 14 күнге  дейінгі мерзімге үйге беріледі.

ОҚУ ЗАЛЫ

Кітапханадағы оқу залы – оқырмандардың кітаппен, ақпаратпен тыныш әрі жүйелі жұмыс істеуіне арналған негізгі кеңістік. Оқу  залында оқырмандардың кітап оқып, дүние танымын кеңейтуге көмекші жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдардың түрлері жетерлік.

Оқу залының негізгі міндеттері

  • Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау. Тыныштықты сақтау, жарық, орындық-үстелдермен қамтамасыз ету арқылы тиімді оқу ортасын қалыптастыру.
  • Кітап қоры мен мерзімді басылымдарды ұсыну. Анықтамалықтар, энциклопедиялар, газет-журналдар, сирек және құнды басылымдарды оқу залында пайдалану.
  • Оқырмандардың сұранысына сәйкес дереккөздер табуға көмектесу, библиографиялық кеңес беру.
  • Кітаппен, ақпарат көздерімен дұрыс жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Кітаптардың сақталуын, тыныштық пен жалпы ережелердің орындалуын бақылау.
  • Оқу-танымдық іс-шаралар өткізу.Кітап көрмелері, тақырыптық шолулар, әдеби сағаттар, ақпараттық күндер ұйымдастыру.
  • Оқу залындағы кітаптар үйге берілмейді

Бүлдіршіндерге арналған оқу залы

Бүлдіршіндерге арналған оқу залында кітап көрмелері безендірілген, тұрақты түрде жаңартылып, толықтырылып тұрады: Аталмыш зал балаларға арналған жиһаздармен жабдықталған. 5 пен 7 жас аралығындағы балалар кітаптан тез жалығатыны да ескеріліп, бір сәт секіріп ойнау үшін де жағдай жасалынған.


2. Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі

Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімі қала бойынша қызмет ететін балалар кітапханалары үшін әдістемелік және іс-тәжірибелік орталық болып табылады. Бөлім балаларға қызмет көрсететін кітапханаларға әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында зерделі кеңестер, тренинг-курстар, байқаулар,  жобалар, іс-сапарлар ұйымдастырады.


3. Ақпараттық - библиографиялық бөлім

Ақпараттық-библиографиялық бөлімі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін жылдам қамтамасыз етеді, жас оқырмандардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқырмандар сұранысы бойынша кітапхананың анықтамалық аппараттарында, интернетте, электрондық каталогта және мәліметтер базасында  тереңдетілген ізденістер іске асырылады.


4. Негізгі қорды сақтау бөлімі

Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі   жаңадан түскен әдебиеттерді өңдеп және есепке алып отырады. Жыл сайын қорға кітаптар, мерзімді басылымдар, компакт-дискілер, аудио-видео кассеталар түседі, олар кітапхананың электрондық каталогына «Мега-РАБИС» бағдарламасы бойынша енгізіледі.


5. Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі

Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі - дизайнерлік және электрондық мүмкіндіктерді, ақпараттық өнімдерді пайдалана отырып, пайдаланушыларға компьютерлік, офистік, полиграфиялық және Интернеттік қызмет көрсетеді. Бөлім жұмысын жақсарту үшін жаңа инновациялық техникалық құралдарды енгізеді.   
Бөлімнің міндеттері: Кітапхана қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу, Ақпаратты іздеп табу үшін автоматтандырылған қызметті ұсыну, Online және offlinе ақпараттық қызметінде бөлім қызметкерлерінің көмегін пайдалану, Кітапхананың web–ресурстарын, электронды өнімдер каталогын, тақырыптық электронды деректер базасын құру, толықтыру