• Шымкент қаласында 1965 жылы №5 қалалық балалар кітапханасы ашылды.
• 1976 жылы Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі құрылды.
• 2003 жылы Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі құрамына енді.
• 2009жылы «Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі болып аталды. Жүйеге орталық қалалық балалар кітапханасы және 9 кітапхана бөлімшелері кіреді.
• ҚР Үкіметінің 2013ж 18 қазандағы №1110 «Шымкент қаласының әкімшілік шекарасының өзгерту туралы» қаулысына сәйкес 2014 жылы ақпан айында Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне 4 кітапхана қосылды.
• 2019 жылы қараша айында Қазыбек би көшесіндегі №6 үйдегі ғимарат ОБКЖ балансына беріліп, күрделі жөндеуден өткізілді. №14 кітапхана бөлімшесі болып ашылды.
• Қазіргі таңда 14 бөлімше және орталық балалар кітапханасы қаланың оқырман – балаларына қызмет көрсетеді