Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мангелдин көшесі, 39
8(7252) 33-84-46
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

  • Балалар мен балалар оқуының жетекшілерінің кітапхананы пайдалану құқығы бар.
  • Абонементте үйге кітаптар беріледі. Оқу залында үйге алу құқығынсыз кітапты пайдалануға болады.
  • Кітапханаға оқырмандар ата – анасының өтініші бойынша, оқырман формулярын толтыру жолымен жазылады.
  • Пайдалану тәртібін бұзған немесе кітапханаға зиянын тигізген оқырмандар кітапхананы пайдалану ережелерінде көзделген нышанда әкімшілік материалдық жауапкершілікке тартылады.
  • Жоғалтқанына немесе бүлдіріп алғанына жауапты оқырмандар нақ сондай басылымдармен немесе кітаптармен алмастырады, ал оған мүмкіндік болмаса, нақты нарықтық құнын төлейді.
  • Оқырмандарға абонемент бөлімінен кітаптар 14 күнге беріледі;

Оқырмандардың құқықтары мен міндеттері:

  • Кітапхана қызметінің негізгі түрлерін ақысыз пайдалануға.
  • Ақпарат көзін іздегенде және таңдағанда кеңес алуға.
  • Кітап алғанда әр басылым үшін формулярға қол қоюға.
  • Баспа туындылар мен кітапхана мүлкіне ұқыпты қарауға.
  • Кітапханада алған басылымды уақытында қайтаруға.

Оқырманға рұқсат берілмейді:

  • Кітапханада тыныштық пен тәртіпті бұзуға.
  • Оқу залынан кітап алуға.
  • Сыртқы киіммен кітапханаға кіруге.
  • Кітаптарды бүлдіруге (беттерін жыртуға,таңбалауға, астын сызуға,бүктеуге).
  • Рұқсатсыз кітап қоймасына кіруге.