«Сиқырлы ертегі әлемі» жобасы аясында халық ауыз әдебиетінің асыл мұрасы - ертегілерді насихаттау мақсатында №12 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ертегі балалық шақтың асыл қазынасы» атты ертегі марафоны өткізілді.
Ертегі марафонына «Қонжығым» балабақшасының «Күн шуақ» тобының бүлдіршіндері белсене қатысты.
Іс -шара барысында балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, сүйікті ертегілерін айтып, жұмбақтар шешіп, тақпақтарын жатқа айтып, би билеп, «Бауырсақ» ертегісін көрініс көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.
«Менің сүйікті ертегілерім» атты кітап көрмесі таныстырылып, ертегі кітаптарына шолу жасалды.
Ертегі -балалық шақтың ең әдемі естелігі, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасатын асыл мұра!