Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі №14 кітапхана бөлімшесінде «Бір қала–бір кітап» акциясы аясында балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, қаламгер Нәсіреддин Сералиевтің шығармашылық мұрасын насихаттау, жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалар әлемінің жарқын жазушысы» атты әдеби кездесу кеші өтті.
Іс–шараға фантаст–жазушы Сарманбай Исақ, балалар жазушысы Айтбозым Мұратбеков, ақын-сазгер Айзада Бекенқызы , ақын Эльмира Сарсенбайқызы қатысып, жас оқырмандармен тағылымды ой бөлісті.
Кеш барысында «Қаламгер мұрасы–ұрпаққа аманат» тақырыбында Н.Сералиевтің өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, «Қаламгер әлеміне саяхат» бейнебаяны көрсетілді. «Мен оқыған шығарма» бөлімінде оқушылар жазушы шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісіп, туындылардың тәрбиелік мәні туралы ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, «Балалар әлемінің дара тұлғасы» атты сұрақ–жауап кезеңі өткізіліп, «Нәсіреддин Сералиев–балалар әдебиетінің сырлы қаламгері» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Нәсіреддин Сералиевтің сырлы шығармалары–жас ұрпаққа рухани тәрбие бере