«Зерек балаға арналған алғашқы қадам»
№7 кітапхана бөлімшесінде “Зерек бала” үйірмесі аясында бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық сағат өтті. Шара барысында балалар кітапхана әлемімен танысып, қызықты сұрақ-жауаптарға қатысып, логикалық тапсырмалар орындады.
«Жұмбақ әлемі», «Ойлан, тап!», «Тапқырлықты зерттейміз!» бөлімдері арқылы оқушылар өз тапқырлығы мен білімін көрсетті.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан балаларға “Сен кереметсің!”,”Сен ғажайыпсың” көтермелеу медальдары табысталып, бәрі көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.