ОБКЖ-дегі №1 кітапхана бөлімшесі «Металлург» саябағында жазғы оқырмандармен «Жемқорлықсыз ел – қуатты ел» атты тақырыптық сағат өткізді.
Кітапханашы оқырмандарға жемқорлықсыз қоғам – адал азаматтан басталатынын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықтың зардаптары жайлы мәліметтер беріп, заңды құрметтеп, өз ойларын еркін жеткізе білуге шақырды.
Шара барысында оқырмандар тақырыпқа байланысты мақал-мәтел жалғасын тауып, викториналық сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытты.
«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Оқушылар саналы, білімді және жауапты болу – жемқорлыққа қарсы ең мықты күш екенін, заңды сақтау және бейбіт өмірді бағалау міндеттері екенін ұғынды.