«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»
Адалдық – қоғамның берік іргетасы. Осы мақсатта №14 балалар кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тақырыптық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зардаптары, оның алдын алу жолдары және адалдық пен әділдіктің маңызы туралы кеңінен айтылды. Оқушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар бойынша пікір алмасу өтті.
Шара соңында қатысушыларға тақырыпқа сай ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, адалдық пен заңға құрметтің қоғам дамуының басты құндылығы екені атап өтілді.
Адалдық – әр азаматтың таңдауы, ал жемқорлыққа қарсы күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз!