Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мангелдин көшесі, 39
8(7252) 33-84-46
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

23 сәуір Ұлттық кітап және Кітапханашылар күніне орай Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханасында «РУХАНИЯТҚА ЖОЛ-КІТАПТАН» атты апталық аясында «WEEKEND. BOOK. VIBES» демалыс күндері кітап оқу мүмкіндігін қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған «Ұлттық кітап–ұлт қазынасы» атты әдеби квизбук өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар әдеби квизбук форматында білімдерін сынап, қызықты ойындар мен танымдық бағдарламаларға белсене қатысты. Кеш қонағы балалар ақыны Даркен Танабаев оқырмандармен жүздесіп, әсерлі әңгіме өрбітті.
«Кітап емханасы» көрінісі, «Сиқырлы сандықша» ойыны, «Әжемнің ертегісі», ұлттық және үстел ойындары, «Кітап оқы, жарқыра» әдеби композициясы көрермен көңілінен шықты.
Жас өнерпаздардың әндері мен билері шараның сәнін арттырды. Оқырмандар үшін «Мен оқыған ең қызықты кітап» фотозонасы ұйымдастырылып, заманауи «Devar» қосымшасы арқылы 3D, 4D кітаптарды оқу мүмкіндігі ұсынылды.
Кітап–рухани қазына, ал оны оқу–болашаққа жасалған нық қадам!