23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай «Руханиятқа жол – кітаптан» атты мерекелік іс-шара өтті.
А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында өткен ашылу салтанатында қонақтар кітап көрмелерімен танысып, әсем ән мен би, әдеби композициялар мен тағылымды сөздердің куәсі болды.
Кеш аясында Сейдалы Дүйсебайдың «Шежірелі Шымкент. Ескерткіштер сыр шертеді» атты кітабының тұсаукесері өтіп, рухани құндылықтар дәріптелді.
Кітап – ұлттың рухани байлығы. Оқуға деген сүйіспеншілікті бірге арттырайық!