10 тамыз – Абай күніне орай
Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіндегі №13 кітапхана бөлімшесінде №32 мектептің 5–6 сынып оқушыларының қатысуымен «Абай өлеңдері мен қара сөздері» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында «Абай – рухани кемелдік бастауы» атты кітап көрмесі безендіріліп, Абай мұрасымен оқушылар жақынырақ танысып, оның рухани әлеміне терең бойлады. Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, оқушылар әр шығарманы ерекше тебіреніспен орындап, ақын мұрасына деген құрметін көрсетті.
Оқушылар ұлы ақынның даналық әлеміне рухани әсер сыйлап, табиғат аясында Абай өлеңдері кештің мазмұнын байытып, жас оқырмандардың ақын шығармашылығын тереңірек сезінуіне мүмкіндік берді.
Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Абай мұрасын насихаттау – кітапхананың басты міндеттерінің бірі.