Орталық кітапханада 12 сәуір - Ғарышкерлер күніне, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, ұшқыш – сынақшы, техника ғылымдарының докторы, профессор және қоғам қайраткері Тоқтар Әубәкіровтың 80 жасқа толуына орай З.Космодемьянская атындағы №23-ші мектеп-лицейінің 4«е» сынып оқушыларының қатысуымен «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ» атты танымдық сағат өтті.
Оқушылар ғарыш әлеміне саяхат жасап, жұлдыздар мен ғаламшарлар туралы қызықты мәліметтер алды. «Ғарыш әлеміне саяхат» атты бейнеролик көрсетіліп, электронды - викториналық ойындар ойнатылды. Балалар болашақта ғарышкер, ұшқыш болуды армандайтындарын жеткізді.
Осындай танымдық іс-шаралар арқылы біз жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтамыз!