Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мангелдин көшесі, 39
8(7252) 33-84-46
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

Наурыз мерекесіне орай балалар кітапханасының бай қорынан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар ұлттық құндылықтар мен рухани мұраларымызбен кеңінен танысты.
Шара барысында балалар шахмат пен шашка ойнап, тапқырлық пен зияткерлік қабілеттерін сынады.
Ақын Күлаш Әбішова Назарбекқызы қатысушыларға ақжарма тілегін арнап, Наурыз мейрамымен құттықтады. Сонымен қатар кітапхана қорына өзінің «Жаның жаздай гүлдесін», «Бөртегүл бүр жарғанда» атты кітаптарын тарту етті.
Мерекелік күн көтеріңкі көңіл күйге, жарқын әсерге және рухани байлыққа толы болды.
Наурыз құтты болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа құт-береке мен шаттық тілейміз