Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мангелдин көшесі, 39
8(7252) 33-84-46
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

Кітап оқитын ұлт - озық мәдениетті ел!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» тарихи әрі маңызды Жарлыққа қол қойды. Бұл құжат - еліміздің интеллектуалды капиталын арттыру мен ұлттық руханиятымызды жаңғыртудың жаңа белесі.
Осы стратегиялық бастама аясында Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінде өте нәтижелі талқылау өтті! Біз өз әріптестерімізбен бас қосып, заман талабына сай атқарылатын жұмыстарды сараладық.

Талқылау барысында біз мынадай өзекті мәселелерді ортаға салдық:
Заманауи кітапхана форматы қандай болуы керек? Кітапхана тек кітап сақтайтын орын емес, жастардың басын қосатын, коворкинг орталығына айналған, шығармашылық пен еркіндік мекені болуы тиіс.
Балалар мен жастардың кітапқа деген құштарлығын қалай оятамыз? Кішкентай оқырмандарды қызықтырудың жаңа әдістерін және интерактивті кітаптардың рөлін талқыладық.
Гаджет пен кітап: Бәсеке ме, әлде серіктестік пе? Цифрлық заманда технологиядан қашпай, керісінше, оны кітапқа қызмет еткізу - басты міндет. Жасанды интеллект (AI), интерактивті квиздер мен цифрлық платформаларды оқу процесіне енгізу жолдарын қарастырдық.
Отандық әдебиет пен баспа ісін қолдау: Өскелең ұрпақтың талғамына сай келетін жаңа Қазақстандық авторларды таныту және әлемдік бестселлерлерді ана тілімізде сөйлетудің маңызы сөз болды.

Ұлттың зияткерлік әлеуеті - мемлекеттің ең басты байлығы. Нағыз «Адал азамат» пен озық қоғамның іргетасы - білім мен терең мәдениеттен қаланады. Бұл Жарлық әрбір кітапханашыға үлкен жауапкершілік пен жаңа серпін береді!