Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мангелдин көшесі, 39
8(7252) 33-84-46
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

«Балғын балалық-жарқын болашақ!» атты мерекелік фестиваль Орталық саябақта өтті.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, балғындардың өнері мен талантын паш еткен ерекше мереке болды.
Фестиваль қонақтарды қарсы алу мен жүрекжарды құттықтау сөздерден бастау алып, «Балалық шақ - бақыт мекені» атты балалардың әсем ән шашуына ұласты. Сонымен қатар қыздар тобы орындаған «Үкілім» биі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
«Балауса таланттар» әдеби-композициялық бөлімінде жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер шырқалып, ұлттық өнер насихатталды. Атап айтқанда, Базарбай Раяна «Ана» , Акенбай Дінмұхаммед «Менің досым» әндерін орындады.
Шара барысында балаларға арналған қызықты танымдық ойындар ұйымдастырылып, логикалық ойындар ойнады. Сонымен қатар Еркін Дәулет орындаған «Қосалқа» күйі көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Ал Акенбай Дінмұхаммед пен Уалихан Алмас орындаған «Ассалаума алейкум» әні мерекенің сәнін арттырды.
Ұлттық ойындар - асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат бес тас ойындары ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты. Кеш соңында «Тренд» биі көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балалардың күлкісі мен шаттығы жарасқан бұл мереке - бақытты балалықтың жарқын көрінісі болды!