Алғыс айту күніне орай Орталық кітапханада ерекше жылулыққа толы «Алғыс айту - парызым» атты тәрбиелік сағат өтті
Бұл күні балалар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, кітапханашыларға шынайы алғыстарын айтты Кітаптың құдіретін ұғындырып, білімге жол сілтеп жүрген жандарға деген құрмет ерекше сезілді
Оқушылар алғыс туралы тақпақтарын мәнерлеп оқып, әсем билерін билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады Әрбір сөзден ризашылық, әрбір қимылдан құрмет байқалды
Кітап - білімнің кілті, ал кітапханашы - сол қазынаның сақшысы. Осындай ізгі шара арқылы балалар алғыс айтудың маңызын терең түсінді
Жылы жүздер, шынайы сөздер мен көтеріңкі көңіл күйге толы бұл күн баршамыздың жүрегімізде сақталары сөзсіз