Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында өткен рухани кеш кітаптың құдіретін дәріптеп, кітапханашылар еңбегіне құрмет көрсетті
Іс-шара барысында әсерлі әндер мен мың бұралған билер ұсынылып, оқырмандар мен қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады
Қала әкімдігі мен арнайы қонақтардың құттықтаулары айтылып, қала әкімінің «Алғыс хатымен» кітапханамыздың қызметкерлері Ләззат Қуанышбекқызы мен Гүлнұр Мауленқызы марапатталды
Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қаласындағы филиалының төрағасы Момбек Әбдіәкімұлы арнайы номинациялармен кітапханамыздың оқырмандары Тұрар отбасын – «Оқырман отбасы» номинациясымен,
Минаваровтар отбасын – «Отбасылық оқудың қуанышы» номинациясымен марапаттады
Бұл күн – кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқырман мен кітапханашы арасындағы алтын көпірді нығайтқан ерекше мереке болды
Кітап – ұлт қазынасы!
Оқу – рухани дамудың кілті!