19 маусым - Қала күніне орай
Тұран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – сүйікті қалам» атты өлең оқу байқауы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты - жас ұрпақтың туған қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру, Шымкент қаласының тарихы мен мәдениетін насихаттап, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
1. Таныстыру
2. «Шымкент - сүйікті қалам» /Шымкент туралы өлеңді мәнерлеп оқу/
3. «Шырайлы Шымкентті білесің бе?» /Сұрақ-жауап ойыны/
Осы кезеңдер бойынша қатысушылар туған жерге деген ыстық ықыластарын өлең арқылы жеткізіп, көркем сөз оқу шеберліктерін көрсетті.
«Шымкент – сүйікті қалам» атты өлең оқу байқауында жүлделі орын алып, сертификат алған:
І орын – Мамырхан Ясин
ІІ орын – Сарыпбек Айша
ІІІ орын – Жүрсінбек Нұрымжан
Сонымен қатар, барлық қатысушылар дипломмен марапатталды.
Мерекелік іс-шара жас таланттарды қолдауға, өнерпаздарымыз әннен шашу шашып, туған өлкенің тарихы мен мәдени құндылықтарын дәріптеуге бағытталып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер сыйлады.