Құрметті қала тұрғындары!
Кітап - мәңгілік қазына, ал оны сыйлау - ең асыл іс.
Осыған орай Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі
сіздерді «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясына қатысуға шақырады.
Әр түрлі саладағы, кез келген жанрдағы кітаптар қуана қабылданады.
Сіз сыйлаған әрбір кітап балалардың білімін арттырып, кітапхана қорын байыта отырып, жаңа оқырман табады.
Бір кітап - бір үміт, бір білім!
Кітап сыйлаңыз - болашаққа жол ашыңыз!
14 ақпан - Кітап сыйлау күніне орай
Балалар кітапханасының оқырмандары шын жүректен кітапханаға кітап сыйлап, кітап қорын толықтыруға өз үлестерін қосты
Кітап - білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Қолдау көрсеткен барлық оқырмандарға үлкен алғысымызды білдіреміз!
