Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мангелдин көшесі, 39
8(7252) 33-84-46
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Сұрақ қою
Құрметті оқырмандар! Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық! Демалыс күні: жексенбі. Тазалық күні - әр айдың соңғы жұмыс күні өткізіледі
«Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі» КММ
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Орталық балалар кітапханасында «Кітаппен жаңа таныстық» атты интеллектуалды квиз ойыны өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты–жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай–ақ бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.
Квизге қатысушылар «Болашақ», «Жалын» және «Жас қыран» командалары болып бақ сынады.
Сайыс бес кезеңнен тұрды. Командалар кітап желісімен түсірілген фильмдерді танып, көркем шығармалардың авторлары мен атауларын анықтап, эмодзи арқылы жасырылған әдеби туындыларды тапты. Сонымен қатар «Блиц–Шындық» және жылдам сұрақтар кезеңдерінде өздерінің жан–жақты білімін, логикалық ойлау қабілетін, зеректігі мен шапшаңдығын көрсетті.
Іс шара соңында «Жастар елдің жарқын болашағы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.