Оқушыларға бірлік, достық, татулық ұғымдарының маңызын түсіндіру, көп ұлтты еліміздің бейбіт өмірін дәріптеу және өзара сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында орталық балалар кітапханасында 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Татулық - таусылмас байлық» атты мерекелік іс-шара Nº3 Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 3 «г» сынып оқушыларының қатысумен өткізілді.
Шара барысында оқушыларға әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін таныстырып, салт-дәстүрлері мен ұлттық ерекшеліктері дәріптелді.
Кеш барысында патриоттық әндер орындалып, ұлттық билер биленіп, достық пен бірлікке арналған өлең шумақтарын оқыды.
Сонымен қатар оқушылар викториналық сұрақтарға белсене араласып, өзбек биін билеп,іс-шараның көркін аша түсті.
Іс - шара соңында татулық пен бірліктің маңызын терең түсініп, өз ойларын ортаға салды. «Ақ көгершін» әнін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Қазақстан - достық мекені» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.